30.03. 2019 ж С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда гимназияішілік ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: Ата-ана,мұғалім және гимназия арасындағы тығыз қарым-қатынас орнату. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру. Күн тәртібінде: 1. 3-тоқсанның білім сапасы 2. Баланы жас кезінен еңбекке тарту 3. Әр түрлі мәселелер Гимназияішілік жиналысқа әр сыныптан 3 ата-ана қатысты(төрайым және мүшелері). Жиналыс ток-шоу үлгісінде өтті. Студияға жасырын кейіпкерлер шығып, еңбек ету туралы өз көзқарастарын білдірді. Ата-аналар кейіпкерлерге сұрақ қойып, ақыл-кеңес беріп, өз шешімдерін айтты. Ата-аналар 4 топқа бөлініп, сұрақтар қойып, өзара пікірталас-дебат жүргізді. Жиналысқа қалалық әжелер мектебінің төрайымы Аленова Рысжамал Әбенқызы шақырылды.