Меню KDT

Новости

Главная Новости

1 Наурыз Алғыс айту күніне арналған өткізілген және өткізілетін іс-шаралар

Өскелең ұрпақ бойында   үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық  қарым-қатынасын дамыту, сонымен қатар әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында  1 Наурыз «Алғыс айту» күні мерекесіне орай жоспар құрылып,бекітілді. Ағымдағы жылдың 25-ші ақпанынан – 1 наурызына дейін  «Мен алғыс айтамын...! атты тақырыпта видеороликтер түсіру тапсырылды. Түсірілген видеороликтер фейсбук және инстаграм парақшаларына #алғысайту, #адалұрпақ және #адалдықалаңы хештегі бойынша жүктелді.  Ақпан айының 25,27 күндері  «Алғыс сөздің асылы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.  «Алғыс жүректен шығады» деп аталатын суреттер көрмесі және  «Алғыс айту парызың» тақырыбында саптық жиын болып өтті. Наурыз айының 1 күні  мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы оқушыларының ұйымдастыруымен  «Айналаңа жылулық сыйла»  брошюралар тарату және «Жақсылық сенен және менен» волонтерлік тобы жұмыс жасады.


                          


                          



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено