Астана қаласы №49орта мектебінде ағымдағы жылдың 27-ші ақпанында «Ата-ана, мектеп, оқушы» үштік одағының ынтымақтастық ортасынқалыптастыру мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді. Ата-аналарды қарсы алу сағат 8:00 ден басталып, арнайы бағдарлама бойынша сабақтарға, тренингтерге, «Көңілді старт» эстафеталық ойындарына қатысып, соңғы мәресі концерттік бағдарламамен ұштасты. Ашық есік күнінде ата-ана мектеп өмірімен танысып, балаларының білім дәрежесін, жүзеге асып жатқан жаңа бағдарлама, жаңа технологияларды практика жүзінде көріп, тамашалады. Ашық күнінде арнайы "Ұсыныс хат" парақшасына өз пікірлерін жазып,әсерлерімен бөлісті.