Ағымдағы жылдың 02.03.2019ж «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы «Байқоңыр» аудандық филалының ұйымдастыруымен «Жастар Отанға» атты партиялық жобасы аясында №49 орта мектебінде әуесқой командалар арасындағы мини-футбол бойынша турнир өтті. Турнирге 8 команда қатысты. Іс-шараның мақсаты- жастар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау. Ойын қортындысы :
1-орын- «№49 орта мектебі» командасы;
2-орын-«Dream team» ЕНУ командасы;
3-орын- «Барыс» ЕНУ командасы;
«Үздік сұрмерген» номинациясы – Ғалымжан Нурби.
Қорытынды бөлімде жеңіпаздарға салтанатты түрде мақтау қағаздары тапсырылды.