Мектебімізде наурыз айының 19-20 жұлдызы күндері Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді. Наурыз – жыл басы! Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың басталғандығын білдіреді. Бұл мереке - ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған мейрамның бірі. 1-4 сыныптарда «Армысың, әз Наурыз» атты өнеге сағаттары, 5-7 сыныптарда «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы» атты той-думан, 8-11 сыныптарда «Наурыз келді, нұр келді» атты сазды бағдарламалар өткізілді. Бұл іс-шаралардың мақсаты оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды. Әр сынып Наурыз мерекесі туралы ұлттық бұрыш ұйымдастырған. "Наурыз – жыл басы", "Жаса, жаса жаңа күн!" ақпараттық стендттерінде бұл мейрамның адамдар өмірінде алатын орны, оған дайындалу ережесі мен өткізілуі туралы жазылды. Барлық сыныптар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық киімдерін киіп келді. Мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар өте қызықты өтті. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі. Мектебіміздің әр сыныбы бай дастархан жайып, қонақтарды наурыз көжемен, бауырсақпен, шелпекпен, кәмпит басқа да тәттілермен сыйлады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауімі оқушыларға осындай үлкен ісшараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді.
Хош келіпсің Наурыз!
Арман тойы ананың,
Қуанышы ғаламның,
Құтты болсын қадамың!
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
«Жыл басы Наурыз!» тойы деп,
Қол соғады барша жұрт.
Жаңа атқан таң шапағы,
Нұрға бөлер жер бетін-демекші Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, осындай игі істер жалғасын таба берсін демекпіз...