Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде 01.03.2019 күні бастауыш сыныптарда №2 мектепішілік оқырмандар шеруі өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын «Рухани жаңғыру » бағдарламасының жалғасы екендігіне баса назарға ала отырып, төл тарихымызды жетік меңгеру, қадірлей білу, бастысы оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатында «Қазақ ертегілері-рухани тарих негізі» атты оқырмандар шеруі 19 қаңтар мен 28 акпан аралығында ұйымдастырылып, шеру барысында оқушылар қазақ ертегілерін, батырлар жырларын оқыған болатын. Оқырмандар шеруінің мерекелік кешіне барлық оқушылардың ата-аналары қатысып, оқушылардың өнерлерін тамашалады. Мерекеде 3-сынып оқушылары батырлар жырларын оқыса, 4-сыныптар қазақ ертегілерін сахналады. Шеруге қатысқан 320 оқушыдан үздік 35 оқырман анықталып, мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.