Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
Хаттама №4

17.03.2019ж.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Күн тәртібінде:

1.Наурыз мерекесін өткізу;

2.Тағы да басқа мәселелер.

Тыңдалды:

1.Ауылда наурыз мерекесін өткізу жайлы қамқоршылық кеңес төрағасы     Жанибеков А.Э. сөйледі. Жоспардан тыс отырыс. Наурыз мерекесін  жұмылдыра отырып өткізген жөн болар еді. Ауыл тұрғындарына наурыз мерекесін өткізуге қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұсыныстарын сұрады.

2.Мектеп директоры Сиванбаев М.С. Наурыз мерекесіне арналған іс-шараны, яғни мерекелік концертті мектеп ұйымдастырып өткізеді деген ұсыныс жасады.

  1. «Явленское МТС» ЖШС қызметкері Малдыбаев Б.А. өз фирмасы атынан сөйледі.

«Явленское МТС» ЖШС-гі ауылдық наурызды өткізуге 65000 (алпыс бес мың) теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлетіні жайлы айтты. Сонымен қатар «Явленское МТС» ЖШС қызметкерлеріне бір қой береді.

4.Жеке кәсіпкер Жанабеков Б.С. ауылдың қарттарына ас беруге бір қой беретіні жайлы айтты.

  1. Қамқоршылық кеңес төрағасы наурыз мерекесін тойлау барысында спорттық ойындар өткізілсе, ауылдың жастары қызығар еді деген ұсыныс жасады.

Қабылданған шешім:

  1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагандыкова Ж.С. Наурыз мерекесін ұйымдастырып, өткізсін. «Явленское МТС» ЖШС берілген ақшаға сыйлықтар сатып әкелсін. Машинаға бензинді бөлінген ақшадан құйсын;
  2. Спорттық іс-шараларды дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сабитов Г.М., Шокаев Ж.У. ұйымдастырып өткізсін;
  3. Мектеп асханасында ауыл тұрғындарына ас әзірленсін;
  4. Мектеп директоры Наурыз мерекесінің өткізілуін өз қадағалауына алсын.

 

Төраға:                 Жанибеков А.Э.

 

Хатшы:                 Жанибекова Г.С.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено