2019 жылдың 25.02-01.03. күні аралығында «Туған тілім – бабам тілі – өз тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Апталықтың бірінші күні «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты таным сабақ өтілді. Таным сабақ барысында тіл құдіреті туралы және латын қарпіне көшудің артықшылықтары айтылды. Сондай-ақ, оқушылар апталық жоспарымен танысты.
26.02. 2019 жыл. 5-6-сынып оқушылары арасында «Білгенге маржан» тақырыбында білімділер додасы өтті. Оқушылар өздерінінің тапқырлықтары мен зеректіктерін танытты. 1-орын – 6-сынып, 2-орын – 5-сынып еншісіне тиді.
27.02.2019 жыл. 9-11-сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты танымдық сайыс өтті. Оқушылар танымдық ойынға аса қызығушылықпен қатысты. Нәтижесінде, 1-орын – 11-сынып оқушысы Кайрулаева Дамира, 2-орын – 9-сынып оқушысы Шаймолда Ерасыл, 3-орын – 9-сынып оқушысы Еслям Оразбай қанжығасында кетті.
28.02.2019 жыл. 5-11-сынып оқушыларына арнап мектеп кітапханасында «Жыл кітабы» атты көрме жасалынды. Көрме кітапханашы Кощигулова Жумабике Мусаиповнаның ұйымдастыруымен өтті. Көрме барысында оқушылар жазушы Әбіш Кекілбаев пен ақын Әбділда Тәжібаев өмірімен, шығармашылығымен танысты. Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» туындысы оқушыларға кеңінен таныстырылып, алдағы уақытта ұушылардың оқуына жол ашты.