2019 жылдың 25.02-01.03. күні аралығында «Туған тілім – бабам тілі – өз тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Апталықтың бірінші күні «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» атты таным сабақ өтілді. Таным сабақ барысында тіл құдіреті туралы және латын қарпіне көшудің артықшылықтары айтылды. Сондай-ақ, оқушылар апталық жоспарымен танысты.
01.03.2019 жыл. Апталықтың соңғы күні «О, поэзия!» деген тақырыпта поэзия кеші өтті. Аталған кешке 5-11-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өздері шығарған және қаламынан жыр төгілген ақындарымыздың таңдаулы туындыларын музыка сүйемелдеуімен мәнерлеп жатқа айтты.
Кеш соңында пән мұғалімдері оқушыларды марапаттап, апталықты өздерінің насихат сөздерімен аяқтады. Жалпы алғанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өз деңгейінде өтті.