2019 жылдың 12 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласы «№68 мектеп-гимназия» КММ базасында «Критериалды бағалау»: мақсат-әрекет-жетістік тақырыбында қалалық, аймақтық семинар өтті. Семинар барысында Білім беруді жаңғырту орталығының директоры А. Н. Нұғман, Үздіксіз педагогикалық білім беру орталығының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к., доцент Ш. М. Шуиншина, мектеп директорлары сөз алып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Кластер жұмысында № 8, 44, 45, 49, 68 мектеп ұстаздары үш тілділік, спиральды қағидат, кіріктірілген, зерттеу сабақтарын өткізді. Коучтар бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін, кері байланыс түрлерін, рефлексия жүргізуді, ата-аналармен оқу жетістіктерін бағалауды семинарға қатысушы ұстаздармен практика жүзінде іске асырды. Оқу мен оқыту бойынша іс-тәжірибе алмасу ұстаздар арасында үлкен қолдауға ие болып, тәжірибелерімен бөліскен мектеп мұғалімдеріне алғыстарын білдірді