Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Бәрі де мүмкін»» зияткерлік-танымдық ойыны

«Бәрі де мүмкін»» зияткерлік-танымдық ойыны

       13 сәуір күні Новоишим қазақ орта мектебінде  «Бәрі де мүмкін»» зияткерлік-танымдық ойыны өтті. Мақсаты: мектептерде «Қауіпті топ»  есебінде тұрған  оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту.Сонымен қатар   оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу,  денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру.
Аталмыш ойынға  №1 Новоишим орта мектебі, №2 Новоишим орта мектебі, Новоишим қазақ орта мектебі және  Ғ. Мүсірепов аудандағы қиын өмірлік жағдайындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері  қатысты. Ойын 5 кезеңдерден тұрды: 1. Таныстыру кезеңі; 2. Логикалық сұрақтар; 3. Спорттық жарыс; 4. «Крокодил» ойыны ; 5. Сурет салу кезеңі.
Нәтижесінде I  орынға   қиын өмірлік жағдайындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінен   құрылған «Алые паруса» командасы ие болды, II орынға №1 Новоишим  орта  мектебінің  «Стрела» командасы,  III орынға  №2 Новоишим орта мектебінің «Знайки» командасы ие болды. Барлық командалар мадақталар  мен шағын сыйлықтармен марапатталды. 










Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено