Аққайың ауданы Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде де Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»атты мақаласының жариялағанына екі жыл толуына байланысты ү.ж.сәуір айының 12-сі облыс көлемінде білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша шығармалар байқауы өтті. Шығарма келесі бағыттар бойынша өткізілді :
1.Атқа міну мәдениеті 2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3.Аң стилі 4.Алтын адам 5. Түркі әлемінің бесігі 6. Ұлы Жібек жолы
Бұл байқаудың негізгі мақсаты : оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту.Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Байқау соңында «Үздік шығарма» номинациясы бойынша мақтау қағаздарымен мараппатталды.