№ 65 мектеп-гимназиясында мектебіміздің өзін –өзі тану мұғалімі:Құттыбаева Анар Келдібекқызы «Жалпы адамзаттық құндылықтар» тақырыбында пән мұғалімдерімен коучинг өткізді. Коучинг барысында педагогтар адами: еңбекқорлық, адамгершілік,кішіпейілділік,сыйластық ,сүйіспеншілік,махаббат сияқты құндылықтардың түрлі жақтары сан сырлары туралы пікірлерімен бөлісті. Постерлер жасау арқылы жанұя құндылықтарына тоқталды.Коучинг соңында ұстаздар өмірдегі құндылықтарды үнемі жоғары қою керек деген көзқараспен тарады.

