#71мектеп лицейінде "Сырлы жеңге, сұлу қыз" атты байқау өтті. Жарыстың мақсаты: Жеңге мен қайын сіңілі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңгемен қыз арасындағы тәрбиені одан ары дамыту, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, туыстық қатынас, соның ішіндегі жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. Сайыс қызықты әрі тәрбиелік мәні бар кезеңдерден тұрды. Жарыс қортындысы бойынша математика пәнінің мұғалімі Масен Гүлназ және 10а сынып оқушысы Бейбітқызы Шолпан бас жүлде иеленді.Іс-шара ұйымдастырған Жайна Байғаниқызы мен Тұрсын Оңалбекқызына алғыс білдіреміз!!