Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебі шығармашыл, талантты, өнерлі оқушыларға қолдау білдіріп, жағдай жасап отыратын білім ордасы. Бүгін де мектебіміздің жетістік қоржынына тағы бір жаңалық қосылды. Үшінші Халықаралық «Алтын дауыс» байқауында 4 «б» сынып оқушысы Болатханов Ислам өнер көрсетіп, дәстүрлі ән өнері бойынша ІІ орын иеленіп келді. Исламның жетекшісі Ахмедияр Нұрдәулеттің кезекті жемісті шығармашылығы мен ұлттық өнерді дәріптеудегі еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз.