Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Абай оқулары»




Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқаулардың бірі – «Абай оқулары» байқауы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде биылғы жылы  «XX  Абай оқулары» , Абай Құнанбайұлының мұрасын жан- жақты  зерделеуге бағытталып,  «Өлең-  сөздің патшасы, сөз сарасы », «Көңілім әнді ұғады» және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» айдарларында өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша  барлық қатысушылар әділ бағаланып, жүлдегерлер облысқа жолдама алды, оның ішінде біздің мектеп- интернатымыздың 8- сынып оқушысы Тастан Айымгүл   «Көңілім әнді ұғады» айдарында І жүлделі орынға ие болды.  Жас ақындар байқауында 8- сынып оқушысы  Мендешева Алтынай өз өлеңдерімен Абай шығармашылығына тағзым білдірді, өз шығармашылығы үшін әділ- қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» айдарында  10- сынып Қамбарова Нурзия шығармашылығымен ерекшеленіп сертификатпен марапатталды.


                                                      


                                                      


                                                      


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено