Гимназияның қамқоршылық кеңесінің ұйымдастыруымен 16 мен 20 сәуір аралығында «Кітапқа жаңа өмір бер» және «Меценат бол..» акциялары жарияланды. Акцияға ата-аналар, оқушылар және гимназия мұғалімдері атсалысты. Кітапханаға оқырмандардан 120-дан астам көркем шығармалар сыйға тартылды. «Меценат бол..» акциясы бойынша кеңсе тауарларын арнайы қойылған жәшіктерге салып, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға беруді қамқоршылық кеңесінің мүшелері жоспарлауда.