26 сәуір күні Новоишим қазақ орта мектебі алғаш рет түлектердің кездесу кешін ұйымдастырып өткізді.
Береке мен бірліктің басын құрап
Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ
Бітіргелі мектепті көп жыл өтті
Сағынысып кездесу – асыл - мұрат.
Новоишим қазақ орта мектебі 1991 жылы алғашқы рет 13 оқушымен ашылып, 2001 жылы түлектерді мектеп қабырғасынан ұшырған болатын.
Бүгінде сол түлектердің әрқайсысы өз орнын тауып, отбасын құрған балалы-шағалы.
Жалпы кешімізге мектебімізді әр жылдарда бітірген түлектер жиналды.
Аталмыш іс-шара жылдар бойы көріспеген сыныптастардың құшақ ашып жолығысып, өзара қауқылдасып, мектеп өмірің , оқытқан мұғалімдерін еске алып, бір сәт жақсы әсер сыйлады.
Кеш сонында мектеп әкімшілігі 10,20 жыл өткеннен кейін кездесуге жиналуды дәстүрге айналдыруды ұйғарды.