Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. “Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік” қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны Новоишим қазақ орта мектебі үшін де ерекше. Сондықтан 1 мамыр күні мектеп оқушылары мен ұстаздары аудан көлемінде өткен бірлік күніне өз үлестерін қосты.
Алаңда біз киіз үйін безендіріп, қол өнер көрмесін ұйымдастырдық. Сонымен қатар жиылған қауымға «Тіл ашар» салт-дәстүрін ұсындық.
Бұрыннан салт- дәстүрімізде болған «Тілашар» салт-дәстүрі - елдің білім сапарына бет алған 1 сыныпқа баратын кішкентай баланы ортаға алып, оған ақ жол тілеп, үлкен той жасау дегенді білдіреді. Осы дәстүрге қатысқан Мұрат Әліханға жақсы тілектер мен аталы сөздер айтылды. Үлкендердің ауыздарынан бата алған бала, ертеңгі күні ата-анасының, елдің мерейін өсіреді деген үміттеміз. Дәстүрден кейін барлық қатысушылар «Қара жорға» биіне қатысты.