25 сәір күні Новоишим қазақ орта мектебінің кітапханашысы Кусаинова Шапия Касенқызы 6- сынып оқушыларымен «Ұлы Отан соғысының ардагері» тақырыбында патриоттық тәрбие сабағын өткізді. Бұл сабақтың мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, Елін туған жерін сүю, сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ал, тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту, патриотизмге тәрбиелеу болатын. Биыл жеңістің 78-жылдығы, осы сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп, соғыстың тек азаппен қан төгіс екенін, Ұлы Жеңістің бізге онай келмегенін осы соғыста ата-апаларымыздың ерлігін батырлығын еске түсірдік. Патриоттық кітапханалық сабақта оқушылар берілген тақырыпқа жақсы дайындалып, өз белсенділіктерін көрсете білді.