30 сәуір күні «Алдар Көсенің хикаялары» атты 2 «В» және 4 «Г» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Күләш Тоқтамысқызы, Дарина Маратқызы дайындаған ертегі қойылым болды.
Қойылымның негізгі мақсаты: аты аңызға айналған Алдар Көсе туралы мағлұмат беру, мінезін ашып көрсету. Аңқау мен қу адам туралы мінездің қандай болатынына көз жеткізу. Бай мен Алдардың мінездерін ашу арқылы балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармалары арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру.
Ертегі қойылым шашумен бастау алып, 2 «В» сынып оқушыларының «Қазақ биімен» жалғасты. 2 «В» сынып оқушылары «Сиқырлы тон» қойылымын көрсетті. Нұрымжан Аделяның орындауындағы «Мен қазақпын» әні шырқалды. 4 «Г» сынып оқушылары
«10 тақия», «Жоғалған әмиян» қойылымын көрсетті.
Тлеужанов Фархаттың «Күміс құмған-ай» халық әні орындалды. 2 «В» сынып оқушылары «Қасиетті домбыра» биін билеп, қойылым соңында бата тілек айтылып, көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен кетті.