2019 жылғы 22 мамыр күні № 68 мектеп-гимназиясында 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу үздіктерін және қалалық, республикалық, халықаралық іс-шараларда белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау рәсімі болып өтті. Салтанатты жиын мектеп директоры К. Баяхметбаева құттықтау сөзімен басталып, мектеп ұстаздары мен оқушылардың жетістіктеріне тоқталып өтті. Шара барысында жыл бойына түрлі сайыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, сайыс додаларында оза шауып бәйге алған үздіктерді дайындаған мектеп ұстаздары дарынды оқушыларға «Білім үздіктері», «Спорт саңлақтары» және «Өнерлі өрендер» төсбелгілерін табыстады.