Сәуірдің 26 күні «Туған жер» бағдарламасы аясында туған ауылымыздың экологиясын жақсарту және абаттандыру мақсатында Новоишим қазақ орта мектебін 2019 жылы бітіретін түлектері «Түлектер аллеясы» акциясы аясында 21 қайын және 7 алма көшеттерін сыйлық ретінде табыстап, мектеп ауласына отырғызды.