«Отбасы сағаты» – «Час семьи» атты викториналық дөңгелек үстел
4 мамыр күні Қазақ мектеп-гимназиясының 5 «В» сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Отбасы сағаты» – «Час семьи» республикалық акциясы аясында викториналық дөңгелек үстел негізінде ашық тәрбие сағаты болып өтті. Жауапты 5 «В» сынып жетекшісі Байтенова Гүлім Жақсылыққызы.
Викториналық дөңгелек үстелде оқушылар отбасы құндылықтары туралы ақпарат алып, ата-аналар әр түрлі қызықты сұрақтарға жауап беріп, отбасындағы тәрбие мен жауапкершілік сезімі, оң қарым-қатынастарды насихаттау туралы, адамгершілік нормалары туралы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, ситуациялық жағдайларды шешудің жолдарын атап көрсетті.