Бүгін Нұр-Сұлтан қ. Қазақ Елі монументінде мерекеге орай Балалар шеруі өтті. Шеруге 9 000 жуық оқушы балалар қатысты. Мектебіміздің 100-ге жуық оқушылары да қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Сендерді мерекелеріңмен құттықтаймын! Әр уақытта аспандарын ашық, дендерін сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспін!