2019 жылғы 29 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – алтын тұғырымыз» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Бұл іс-шараға 3 сынып оқушылары қатысып, Ата Заң тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастыра отырып, өлең жолдарын орындады. Мақсаты, балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу. Сонымен қатар, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі А. Ташмағамбетов Ата Заңның маңызы мен құндылығын түсіндіріп, оқушыларға дәріс оқып берді