2019 жылғы 2 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Сабақтың мақсаты: өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға ынталандыру. Іс-шараға 1800-ден астам 1-11 сынып оқушылары қатысты. Тәрбие сағаты барысында ұстаздар: Адамның ниеті, ойы, іс - әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез - келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан - дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді – деп атап өтті. Оқушылар «Менің жазымымның бір күні» тақырыбында суреттері мен «Мектеп – толық өмір» атты ата-аналардың, мектеп түлектері мен мұғалімдерің мектептегі өмірі туралы дайындаған бейнероликтерімен бөлісіп, өз ара талқыға салды.