2019 жылғы 2 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай «Адалдық сағаты» сыбайлас жемқорлыққа қарсы парасаттылық сабағы ұйымдастырылды. Сабақтың басты мақсаты – оқушыларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту. Іс-шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі, парасаттылық департаментінің бас сарапшысы А. Мамыт қатысты. Бас сарапшы өз сөзінде балаларды адал, парасатты болуға және тек жақсылық, патриотизм жолымен жүруге кеңес берді.