Нұр-Сұлтан қаласы №63 мектеп –гимназиясында «Балалар қауіпсіздігі» айлығының өткізілуіне байланысты 9 «А» сыныбында « Жолда жүру ережелерін білеміз бе?» деген тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың өмір қауіпсіздігін және жолда жүру ережелерін сақтау. Сынып жетекшісі Бигожина Бахина Олжабайқызының ұйымдастыруымен өткен сынып сағатына оқушылар белсене қатысты. Олар жол ережелерінің адам өмірінде алатын маңыздылығына тоқталып,өз пікірлерін білдірді.