2019 жылғы 5 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында «Абайлаңыз – балалар!» акциясы өтті. Шараның мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушыларды жолда жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру. 1-6 сынып оқушыларының қатысуымен өткен акцияда мектеп инспекторы С. Тургунова жол қозғалысы ережелерінің маңыздылығын сұрақ-жауап ұйымдастыру арқылы түсіндірді. Акция аясында бастауыш сынып оқушылары арасында суреттер сайысы, 8 сыныпдың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы, флешмоб, баяндамалар өтілді. Іс-шараға 600-ден астам мектеп оқушылары қатысты.