2019 жылғы 12 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында «Жас ұрпақты қолдау, болашақты қорғау» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі бойынша мектеп-гимназияның жылдық жұмыс қорытындысы және 2018-2019 оқу жылдары жұмсалған бюджеттік қаражат жайы туралы мектеп директоры К. Баяхметбаева тоқталып өтті. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Молдаханова жаңа оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова мектептің ішкі ережесімен таныстырып өтті. Оқу жылындағы қамқоршылық кеңес құрамының жұмысы және атқарылған істері туралы да айтылып өтті. Жаңа оқу жылынан бастап қамқоршылық кеңесінің төрайымына Қ. Утубаева сайланса, биылғы оқу жылынан бастап ата-аналар комитетінің төрайымы болып Д. Қорғанбаева тағайындалды. Сондай-ақ, мектептегі тамақтануды бақылаушы орган ретінде саналатын брокераж комиссиясының құрамы бекітілді. Оған жалпы саны мектептің 16 ата-анасы мүшелікке енді. Жалпы саны 535 ата-ана қатысқан жиын барысында мектеп пен ата-аналардың бірлескен жұмысы, өзара ынтымақтастықты арттыру туралы ұсыныстар айтылды. Мектептің ата-анасы Қ. Мысырғажы ұлттық тәрбие жайына тоқталса, Жеңіс ата имандылық тәрбиесі жайындағы ойларын ортаға салып, мектеп аясында өткізіліп жатқан жұмыстарға барысына өз алғыстарын білдірді.