2019 жылғы 16 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында 1-11 сыныптарында ҚР халықтарының тілдер мерекесі аясында «Тіл – татулық тірегі» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты, оқушыларды ана тілінің қадір қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректің терең сырларын халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Тәрбие сағаттары кезінде оқушылар түрлі өлең жолдарын оқып, мақал-мәтел сайыстарын өткізді. «Ең қымбат қазына» тақырыбында сахналық көріністерін қойып, тіл насихатын қойылым арқылы жеткізді.