2019 жылғы 19 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы, Көктал 2 кенті, Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясында ҚР халықтарының тілдер мерекесі аясында «Анамның тілі» Абай Құнанбаев өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты қазақ халқының ғұлама ойшылы ұлы Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын шығармалары арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, туған жерді, табиғатты бағалауға тәрбиелеу. Бастауыш буынның 3-4 сынып оқушылары қатысқан шарада оқушылар ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.