«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» жобасы «Z» ұрпағының жолы тақырыбында «Атамекен» ашық аспан астындағы мұражайға 5-7 сынып оқушылары саяхат жасады. Оқушылар еліміздің 14 облысы туралы ақпарат алып, таным – түсініктері кеңейді! Осы саяхаттан кейін оқушыларымыздың бойында облыстарымыздың тарихын зерттеуге деген құлшыныс пайда болып, болашақ зерттеу жұмыстарына бағыт алды. «Атамекен» ашық аспан асты мұражайына саяхатымыз сәтті аяқталды.