Нұр-Сұлтан қаласы №63 мектеп-гимназиясында «Қыз болашағы-ел болашағы» апталығының аясында 8-11 сыныптар арасында мектеп дәрігері Пазылова А.У ұйымдастыруымен қыздар арасында « Жеке бастың күтімі» туралы қыз балалармен дөңгелек үстел өткізілді. Әңгіме барысында жеке бас гигиенасы жайлы айтылды. Халқымыз әрқашан «Тәні саудың –жаны сау» дейді. Сондықтықтан жеке бас гигиенасын ерінбей сақтаған жөн.