Елбасымыз Н.Назарбаевтың 100 мектеп бағдарламасы аясында салынып отырған №68 мектеп –гимназиясы бастауыш білім беру ордасының Тәуелсіздік күніне орай ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Білім Берудің Жаңғырту орталығының бөлім басшысы Ақмоншақ Нұғман Нұртазақызы және «Қазақ ұстазы» журналының бас редакторы; Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы директоры Алдабергенова Лариса Жұмадуллақызы қатысып, тілектерін білдірді.
«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» деген ұстаныммен әдеби-музыкалық шара өткізілді.