Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінде ҚР тәуелсіздік күніне арналған декада өтті . Мектеп кітапханашы Канафина А.« Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік» тақырыбына кітап көрмесін ұйымдастырды.Шығарма, қабырға газеті байқауында жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды. Тәуелсіздік күніне арнап дене шынықтыру пәні мұғалімдері грек-рим күресін ұйымдастырды. Мектеп оқушылары әр салмақ бойынша марапатталды. Тақырыптық линейка «Отанымыз бар, ол-Тәуелсіздік Қазақстан!»12 желтоқсан «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты концерт өтті. Концерт «Сұлу саз»ансамблімен ашылды. Бағдарламада ән, қазақ биі, сахналық көрініс, халық әні «Еркем ай», соныңда әнмен «Туған елім» аяқталды.Концертке ата-аналар де қатысты.