16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздікке орай мерекелік шаралар ұйымдастырып өнері мен өрбіген қазақ балалары өлеңмен шарықтатып , әндетіп сахна төрін жандырды. Ән - күй мен жалғасқан мерекелік шарада мектеп атынан олимпияда мен додаларға қатысып жүлделі орындар алған мақтанышымызды марапаттады. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!