Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мен елімді жырлаймын фестиваль

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында  2019 жылғы  желтоқсан айының 12 жұлдызы күні дәстүрлі шаралардың біріне айналған «Мен елімді жырлаймын» музыкалық-поэтикалық фестивалі «Үш бәйтерек – үш асыл» тақырыбында  аталып өтті.  Бұл шараға қала бойынша  орыс тілінде білім беретін мектептер  арасынан он жеті мектеп қатысты. Біздің мектеп оқушылары әзірлеп байқауға ұсынған сахналық көрініс Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиндердің ел тағдырын, тәуелсіздігін аңсаған ерен ерлік өмірлерінен үзінділерге бейімделген еді. Оқушылардың өнері мен талаптарын әділқазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалады: сөз тазалығы, мәнерлеп оқу, сахнада өзін ұстауы, қазақ әндерін орындау мәнері, ел жетістіктерін шебер де ұтымды көрсету және байқауға дайындалған материалдардың бір сарынмен үйлесімді болуы. Сондай-ақ сахнаның көріністерге сай  безендірілуі ескерілді.

Осы талаптардың бәрінен ондық балл жинаған біздің мектеп оқушылары мен қазақ тілі мұғалімдері бірлесе дайындаған бұл қойылым ең үздік деп танылып, бірінші орынға ие болды. Алдағы уақытта да осындай биік белестерден көріне беретінімізге сенім мол.










Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено