Карасевка орта мектебінде «Тәуелсіздік жетістіктері» атты мерекелік іс-шара өтті. Тәуелсіздік мерекесінің тұрақты түрде аталып өтіп келе жатқанына 28 жыл болды. 16-желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі Карасевка орта мектебінде ерекше аталып, мәдени іс-шаралары ұйымдастырылды. Концерт - талантты, өнерлі оқушылардың қатысуымен жоғары дәрежеде болды. Карсаевка орта мектебінің биші қыздары сызылта билесе, Таласпай Мерей мен 5-6 сынып оқушылары патриоттық әндер орындады, 11-сынып оқушылары сахналық көріністерімен өз өнерлерін көрсетті. Осымен қатар ұстаздар мен оқушылардың орындауында «Туған жерім» хоры орындалды. Осы хормен концертіміз өз мәресіне жетті