Городской семинар в ДО

19 желтоқсан күні біздің кешенде Нұр-Сұлтан қаласы,
«Білім беруді жаңғырту орталығының» қолдауымен қаламыздың
балабақша педагогтарына арналған «МДҰ – да көптілділікке
тәрбиелеу мен оқытуда IT технологиясының мүмкіндіктері»
тақырыбында «Көптілді» кластер және «Көптілділікке тәрбиелеу мен
оқыту» эксперименлталды алаң аясында қалалық семинар өтті.
Семинарға балабақша меңгерушілері, әдіскерлер, тәрбиешілер және
тіл мамандары қатысты. Семинар тақырыбы аясында
тәрбиеленушілердің интерактивті тақтада әртүрлі тапсырмаларды
(пазл құрасытру, сәрет салу, т.с.с.) орындап, жаңаша заманауи
технологияларды оқу қызметінде жүйелі түрде
қолданатындықтарын көрсетіп, қатысушыларды таң қалдыра білді.
Кешен тәрбиешілері мен тіл мамандары өздерінің кәсіби
шеберліктерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Қатысушылар өз
ойларын, семинардан алған әсерлерін рефлексия арқылы бөлісіп,
кешен ұжымына аталған іс-шара өте жоғары деңгейде
ұйымдастырылғандығы туралы алғыстарын білдірді