Кем был Нуркен Абдиров?
Кешеніміздің аты берілген ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ ҰШҚЫШ НҰРКЕН ӘБДІРОВ жайлы деркетерді назарларыңызға ұсынамыз.
Бейбіт өмір мен ел бірлігін аңсаған Нүркен Әбдіров 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы бесінші ауыл, қазіргі Нүркен атындағы шаруашылық аумағында, қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген.
Армия қатарына 1940 ж. шақырылды. 1941 жылы Орынбор қаласындағы К.Е Ворошилов атындағы авиациялық мектепті аяқтады, сол жылы партия мүшесі болды.
Оқуды бітіргеннен кейін оған қысқа мерзімді демалыс беріледі, бірақ ол демалыстан бастартады. Қолына ақ парақ пен қалам алып, үйіне былай деп хат жазады: «Мен фашистердің үнін ажал оғымен өшіру үшін асығып, үйге бармадым...». Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: «Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз...» Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 17-жауынгерлік тапсырмасын алған. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған.
Жау әскері Нүркен Әбдіровтың ұшағында зақымдады, соған қарамастан ержүрек ұшқыш шабуылды жалғастырды. Алаулаған от кабинаға жеткенде Әбдіров атқыш әрі байланысшы Александр Комиссаровқа секіруді бұйырды, бірақ ол фронтағы досын тастап кетуден бас тартты. Ол құлап бара жатқан ұшағын жау танкілерінің жанындағы бензовозға бағыттап, жаудың 6 танкісінің көзін жойып батырларша мерт болды.