ҚР Білім және Ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов мектебіміздің бастауыш сынып және ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушыларға арналған мерекелік жаңа жыл шыршасына қонақ болып қатысты. Оқушыларға алып келген сыйлықтарын таратып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өте мәдениетті, сыпайы лауазымды тұлға екеніне көз жеткіздік. Айтпақшы, Асхат Қанатұлы бүгін "Педагог мәртебесі" заңы Парламентте бірауыздан мақұлданғанын қуанышпен жеткізді