Меню KDT

Новости

Главная Новости

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық

«Қараағаш  негізгі   мектебі» 

 коммуналдық   мемлекеттік  мекемесінің   қызметіндегі  сыбайлас   жемқорлық   тәуекелдеріне    ішкі  талдау  жүргізу  туралы

              «Сыбайлас  жесмқорлыққа  қарсы  іс-қимыл   туралы»  Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  18  қарашадағы  Заңының  8  бабы  5  тармағына,  «Сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне   ішкі  талдау   жүргізу  үлгілік   қағидаларын   бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет  істері    және   сыбайлас  жемқолыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігі   Төрағасының  2016 жылғы   19  қазандағы  №12   бұйрығымен  бекітілген  Сыбайлас   жемқорлық   тәуекелдеріне   ішкі  талдау  жүргізу  үлгілік  қағидаларына   сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

 

  1. «Қараағаш негізгі   мектебі»  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесінің  қызметінде  Сыбайлас   жемқорлық  тәуекелдеріне   ішкі  талдау   жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізу  бойынша  жұмыс  тобының   құрамы   ( бұдан  әрі  -жұмыс  тобы)осы  бұйрықтың  қосымшасына  сәйкес  бекітілсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі  талдауды  жүргізу туралы   үлгілік  қағидаларының  8  тармағында  көрсетілген  бағыттар  Сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне    ішкі  талдау  болып  анықталсын.
  4. Сыбайлас жемқорлық   тәуекелдеріне    ішкі  талдауын  жүргізу  жалпы  кезеңі  осы  бұйрыққа  қол  қойылған  уақыттан  бастап  15  жұмыс   күнінен  аспайтындай  болып  анықталсын.
  5. Талдау кезеңі  2018   жылғы  1  қыркүйектің    2019   жылғы  1  қазан  аралығы.
  6. Жұмыс тобы  сыбайлас  жемқорлық   тәуекелдеріне  ішкі   талдау    аяқталған  соң  3  жұмыс   күн  ішінде  келісілген  талдау  анықтамасы  «Қараағаш  негізгі  мектебі»  коммуналдық   мемлекеттік    мекемесінің  басшысының  қарауына  ұсынылсын.
  7. Осы бұйрық  қол  қойылған  күннен  бастап   қолданысқа   енгізіледі.

 

Мектеп  директоры:                Акбаева  Р.Е.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено