2019 жылдың 26 желтоқсан күні Новоишим ауылдық округі әкімінің Жаңа жылдық шыршасына Новоишим қазақ орта мектебінің көп балалы және аз қамтылған отбасыларының балалары қатысты. Новоишим ауылдық округінің әкімі Ә.М.Букпин оқушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебіз тілегін білдірді.