Меню KDT

Новости

Главная Новости

10 сынып оқушысы Кабдрашева Софьяның "Мен OFFLINE" эссе конкурсының үздік жұмысы

Бүгінгі таңда әр ата-ана баласының телефоннан немесе планшеттен бас тарта алмай жататынын біледі. «Біраздан соң», «Қазір», «Мен енді ғана қарай бастадым» деген бала жауаптары күнделікті өмірде шындыққа айналды. Интернет адам өміріне түбегейлі кіріп алды. Барлық адамдар ғаламдық желіні қолдануда.
Интернеттің көптеген артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Интернет арқылы сіз кітап оқи аласыз, кино көріп, музыка тыңдай аласыз, қажетті ақпаратты алып, алмасып, бөлісе аласыз. Қажетті кітапты оқу үшін кітапханаға барудың қажеті жоқ, өйткені барлық кітаптар интернетте қолжетімді. Мектепте күрделі тақырыптар бойынша баяндама, реферат, шығарма жазу керек болса, қажетті ақпаратты осы интернеттен оп-оңай тауып, жүктеп, жазып алуға болады. Интернеттің арқасында сіз әлеуметтік желілерде достарыңызбен сөйлесе аласыз, сонымен қатар жаңадан достар да таба аласыз.
Кейбіреулер интернетке тәуелді болғандықтан бар күнін компьютердің алдында өткізеді. Олар психикаға әсер ететін ойындар ойнайды, үйдің шаруасын, мектепте берілген үй жұмыстарын да ұмытып кетеді. Ал, біреулер үйлерінен мүлдем сыртқа да шықпайды. Бұл өте жаман әдет. Адамдардың интернет туралы ойлары әр түрлі. Біреулер пайдасын айтып мақтаса, біреулер зияннын айтып даттайды.
27 қаңтар халықаралық offline күні, бұл мерекенің өте жақсы және ұтымды тұстары көп деп ойлаймын, себебі виртуалды өмір адамдарды қиялға жетелеп, шынайы өмір бар екендігін ұмырттыруда.

                                                                              Кабдрашева Софья, 10 сынып




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено