Жер бетіндегі адамдардың барлығы дерлік өз өмірлерін ғаламторсыз елестете алмайды. Мұны біреу байланыс үшін, біреу ойын-сауық үшін, ал енді біреулер ақпарат алу және алмасу үшін пайдаланады. Күнделікті интернетте отырып, уақыттың қалай өтіп жатқанын да байқамаймыз. Өйткені, шынайы әлемде көптеген қызықты нәрселер бар. Интернетсіз өмір сүруге бола ма? Кем дегенде бір күнді?
Менің қолымнан келеді. Менің отбасымда апта сайын жексенбі күндерін интернет пен гаджетсіз өткізу әдетке айналды. Бұл күнді біз өте көңілді өткіземіз. Таңертең таңғы ас кезінде не істейтінімізді талқылаймыз. Біз бұл күнді әр түрлі етіп өткізуге тырысамыз, мен кейде атаммен карта ойнаймын, әжеммен дүкен аралауға шығамын. Кешкі уақытта достарыммен бірге серуенге шығамын, біз әзілдесеміз, ойындар ойнаймыз, әңгіме дүкен құрамыз.
Мен бұл күнді өте қызықты өткіземін, жаңа эмоциялар аламын. Сөз соңында қосарым: виртуалды емес, шынайы өмірге жақын болайық!
Стадникова Виолетта, 9 сынып