"Білімді ұрпақ-ел тірегі" бастауыш сынып бірлестігінің апталығы аясында "Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге" атты 3-сыныптар арасында сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жандүниесін кеңейту. Сайыста "Кітапқұмарлар" мен "Тапқырлар" тобы сынасып өз білімдерін шыңдады. Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты-білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін ірі мәдени-рухани орталыққа айналып отырғаны кітапхана екені баршаға мәлім. Кітап оқуға жалықпайық.