"Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы" КММ жұмыс жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 24 қаңтарында мұғалімдер арасында физика пәнінен облыстық олимпиада өтті .

Олимпиаданың мақсаты: физика пәні бойынша жоғары ғылыми-пәндік білімі бар облыстың үздік педагогтарын анықтау. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми білімді насихаттау және педагогикалық мамандықтың беделін арттыру.
