"Мектеп асханасы" республикалық алдын алу іс-шара жөнінде пресс-релиз
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінде ү.ж. 27 қанатар мен 27 ақпан аралығында "Мектеп асханасы" республикалық алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Осы іс-шараның аясында қарастарылады: - жұртшылықты эксперттік топтардың (ата-аналар, "Нұр Отан" партиясының, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттіқ органдар және т.б.) кызметіне қатысуға міндетті түрде тарта, халықты БАҚ арқылы кең ауқымды ақпараттандыра отырып, ведомствоаралық сараптамалық топтардың (бұдан әрі-ВСП) қызметін жандандыру; - тамақтану сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізу; - қолданыстағы заңнамаға перспективалық мәзірді сәйкес келтіру; - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және саласындағы қолданыстағы заңнамалардың, конкурстық құжаттаманың талаптарын бұзатын қызметтерді, тауарларды жеткізушілерге т.б. тиісті шаралар қабылдау.
Жоғарыда аталған барлық шаралар оқушыларды сапалы және теңгерімді тамақпен қамтамасыз етуге бағытталған.